RU

Айнұр Нұрсейіт ұшақтағы төбелес туралы: Әкем балалы әйелдің қылығына шыдай алмады

Актриса, блогер, кәсіпкер келіншек Айнұр Нұрсейіт Анталия-Алматы ұшағы бортында болған жағдай туралы пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған бағыт бойынша чартерлік рейсті орындаған түркиялық әуекомпания ұшағы бортта болған төбелес кесірінен Ақтауға қонуға мәжбүр болған. Оның айтуынша, ұшақта әйел баласымен отырған. Оның баласы жылап, елдің мазасын алады. Әйел оны жұбатуға еш әрекеттенбеген.

«Ол әйел қасында отырған анасымен ұрсыса бастады. Сосын біздерге айқайлады. Арада дау шықты. Менің әкем біздерден бөлек отырған. Ең жаман жері, ол ішіп (алкоголь) алған болатын. Жалпы, ол -табиғатында өте жуас адам. Оның ішіп алғанын біліп, әлгі келіншек оған тиісе бастады. Әкем оның айқайына шыдай алмай, қарсы шықты. Осы кезде бір жас жігіт әкемді бетінен ұрып жіберді. Төбелес басталып кетті. Әкем үшінші топтағы мүгедек. Сондықтан, ол жанжалдан аулақ жүреді. Ол спортшы емес, суретші», - деді Айнұр Нұрсейіт.

Бизнес-ледидің пікірінше, борттағы төбелеске қатысты іс бойынша зардап шегуші оның әкесі, себебі жас жігіт оған күш қолданған деп хабарлайды NUR.KZ NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

"Менің әкемді байлап тастаған. Ол шошып қалған. Ұлымен жасты адамның әкеме қол көтергені өте өкінішті. Ол іс бойынша куәгер ретінде қарастырылып отыр, ал негізінде ол зардап шегуші", - деген бойжеткен "ата-анасын ренжітуге еш уақытта жол бермейтінін" жеткізді.

"Әрине біз ұятқа қалдық. WhatsApp мессенджерінде менің әкемді жағымсыз етіп көрсеткен роликтер тарап жүр. Бірақ менің ойымша, бұл жағдайды толығымен түсіну үшін басқа да роликтерді жүктейді деп ойлаймын. Біз ұшақ бортында болған барлық жолаушылардан кешірім сұраймыз. Біз тыныш отыруымыз керек еді. Сонда барлығы дұрыс болар еді. Иә, басқалай әрекеттер де жасауға болар еді. Бірақ ол кезде жағдай мүлдем басқаша болар еді", - деп Айнұрдың қорытындылаған сөздерін Tengrinews.kz хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақтау халықаралық әуежайына 12 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00:16-да ATLAS JETATLAS GLOBAL әуе компаниясының К6755 чартерлік рейсі келіп қонған.

«200 жолаушыны тасымалдап келе жатқан ұшақ экипажы борттағы үш жалаушының кесірінен Ақтау әуежайына қонды. Олар мас болып, қасындағы адамдарды, бортсеріктерді балағаттаған», - делінген Көліктегі ІІД хабарламасында.

Анықталғандай, айқай шығарған үш жолаушы Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Олардың арасында отандық актрисаның әкесі де бары анықталған еді.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда зорланған алты жасар қыздың миы жұмыс істемейді

ОҚО-да шенеунік Жаппарқұлға 400 мың теңге тұратын көлік нөмірін сыйлап, мәрттік танытты (фото)

Анталья-Алматы ұшақ бортындағы төбелеске қатысқандар арасында отандық актрисаның әкесі бар

Қазақстанда 2021 жылы теңге бағамы нығая түседі деп күтілуде

Нұрлан Ерімбетов лаңкестердің ата-аналарын да жазалауды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252365-aynur-nurseyit-ushaqtaghy-tobeles-tura.html