RU

Тышқанды ұстап, банкіге салып қойған Асан Пердешов тыңдармандарының ашуына тиді (видео)

Банкіге тышқанды салып қойған танымал әнші Асан Пердешовтің қылығы жұртқа жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ. 

Ол тышқан ұстап алып, оны банкіге салып қойған. Сөйтіп, оны видеоға түсіріп алған әнші желі қолданушылардан онымен не істеуге болатынын сұрады.

"Неғылсам екен мына түнімен уйкы бермеген бəлені? 1. Жай банкадан шығарып жіберсем бе? 2. Үстінен су құйсам ба екен? 3 Мысықтың алдына барып қойып жіберсем бе екен?", - деген сұрақ қойды ол оқырмандарына.

Мұны оқыған әншінің тыңдармандары ашуға булықты. 

"Сені солай қамап қойса, халықтан қандай жауап күтер едің?", "Тірі Жəндік Обал болар!", "Жібере салыңыз, Алла оған да жан берді ғой", "Алладан қорық, өртеме ешқашан да", "Тілсіз мақұлықты қорлама", "Аллахтан қалай қорықпайсын!?! Бұл ісің айуандық! Кімсің сен соншама бұл тірі жанды банкіде ұстап!?" , - деп жазды олар.

Тағы оқыңыздар:

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

Мұрат Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Шымкентте зообақ директоры арыстанның балаларына ат қою үшін желі қолданушыларынан ақыл сұрады

Айнұр Нұрсейіт ұшақтағы төбелес туралы: Әкем балалы әйелдің қылығына шыдай алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252500-tyshqandy-ustap-bankige-salyp-qoyghan.html