RU

Астанада автобус жүргізушілерінің төбелесі жолаушылардың жағасын ұстатты (фото)

Астанада қоғамдық көлік жүргізушілері бір-бірімен жаға жыртысты. Жұрттың көзінше төбелескен қызу қанды жігіттердің бұл қылығын жолаушылар ұялы телефонға түсіріп алған деп хабарлайды КТК арнасы.

Бір-бірін жұдырықтап жатқан елордадағы нөмері 39 бен 120-ншы бағыттағы автобустың жүргізушілері мен кондукторлары. Шанхай базарының жанында төбелес шығарған олар жолды бөлісе алмай, бір жағы жолаушыларға да таласқан сыңайлы.

Жиналған жұрт бір-бірін төпештеп жатқандарды ажыратуға тырысқанымен, қызу қанды жігіттер бой берген жоқ. Біраз тартыстан соң екі жақ полиция шақырмай, жан-жаққа кетіп қалыпты. Автопарк басшылығы да тентек қызметкерлеріне тек ескерту берумен шектелген.

Тағы оқыңыздар:

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

Мұрат Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Шымкентте зообақ директоры арыстанның балаларына ат қою үшін желі қолданушыларынан ақыл сұрады

Айнұр Нұрсейіт ұшақтағы төбелес туралы: Әкем балалы әйелдің қылығына шыдай алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252576-astanada-avtobus-zhurgizushilerininh-t.html