RU

Ninety One тобының Шымкенттегі концерті болмайтын болды (видео)

Атышулы Ninety One тобының Шымкенттегі концерті болмайтын болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы топ мүшелері желідегі парақшасында мәлімдеді. Олардың айтуы бойынша, 2 қазан күні болатын концерт кейінге шегерілген. Олар бұл шешімге жергілікті әкімдіктің сұрауы бойынша келген.

Естеріңізге салсақ, бірер күн бұрын бір топ Шымкент жастары Тәуелсіздік саябағында бас қосып, бұл топтың концертін Шымкентте болдырмайтынын мәлімдеген. Олар топты жастарды азғындыққа тәрбиелейді деп айыптап, "ОҚО жастары Ninety One тобына" қарсы деп видеоүндеу жариялаған еді. Бұл үндеуге танымал сазгер, әнші Заттыбек Көпбосынұлы да қосылып, оларға деген өз наразылығын жасырмаған.

Тағы оқыңыздар:

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

Мұрат Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Шымкентте зообақ директоры арыстанның балаларына ат қою үшін желі қолданушыларынан ақыл сұрады

Айнұр Нұрсейіт ұшақтағы төбелес туралы: Әкем балалы әйелдің қылығына шыдай алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252599-ninety-one-tobynynh-shymkenttegi-koncerti-bolma.html