RU

Индонезиялықтар туыстарының мәйітіне жаңа киім кигізу үшін қабірінен қазып алады (фото +18)

Индонезиялық тұрғындар туыстарының мәйітіне жаңа киім кигізіп, жуындыру үшін әр үш жыл сайын қабірінен қайта қазып шығарады. Бұл туралы quibbll.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Бұл көне дәстүр "Мәйіттерді тазалау рәсімі" деп аталады. Рәсімде тірілер өлілерге деген махаббаты мен сыйластығын көрсетуі тиіс. Сулавеси (Индонезия) аралында жүз жылдан астам уақыт жалғасын тауып келе жатқан бұл рәсім адамның денесін тітіркендіреді.

Жергілікті тұрғындар қаза болған туыстарын қабірден қазып алып, жуындырады, оларға киім дайындап, отбасылық фотоға түседі. Тіпті ең керемет киім үшін өзіндік байқау өткізеді. Сонымен қатар, мәйіт қатты шіріп кетпес үшін табытын ауыстырып, тазалап отырады.

Олардың діни көзқарасы бойынша, қаза болған адамның әруағы өзі туған өңірге қайтып оралып, қайта дүниеге келеді. Ол үшін адам міндетті түрде туған жерінде қаза болуы тиіс. Сол себепті, тұрғындар өлер шағында туған жерінен алыстамауға тырысады.

Сулавеси тұрғындарының ерекше дәстүрі олардың өзгелерден оқшауланып өмір сүріп жатқанынан кейін сақталып қалған.

Тағы оқыңыздар:

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

Мұрат Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Шымкентте зообақ директоры арыстанның балаларына ат қою үшін желі қолданушыларынан ақыл сұрады

Айнұр Нұрсейіт ұшақтағы төбелес туралы: Әкем балалы әйелдің қылығына шыдай алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252758-indoneziyalyq-turghyndar-tuystarynynh.html