RU

Головкин-Канело жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Канелоның промоутері Оскар де ла Хойя өз клиенті мен Геннадий Головкин арасындағы болуы бек мүмкін жекпе-жек жайлы өз пікірін білдірді.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

"Халықтың Головкин - Канело айқасын өткізуді сұрап жүргеніне бір жылдан асты. Олар Пакьяо - Мэйвезер жекпе-жегін сегіз жыл күткен. Канело мен Головкиннің кездесуі келесі жылға жоспарланған. Біз дайын болған күні кездесуді өткізу күнін белгілейміз. Канело 154 фунтта жұдырықтасып жүр, ал Головкин - 160. Канело 160 фунтта айқасуға дайын болған кезде, біз кездесуді ұйымдастырамыз", - деді де ла Хойя.

Головкин мен Канело биылғы қыркүйек айында рингте кездеседі деп күтілген еді, алайда мамыр айында мексикандық боксшы WBC белбеуінен бас тартты, сол себепті олардың жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйек айына қалдырылды.

Тағы оқыңыздар:

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

Мұрат Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Шымкентте зообақ директоры арыстанның балаларына ат қою үшін желі қолданушыларынан ақыл сұрады

Айнұр Нұрсейіт ұшақтағы төбелес туралы: Әкем балалы әйелдің қылығына шыдай алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252797-golovkin-kanelo-zhekpe-zhegi-otetin-uaq.html