RU

18 жастағы Австрия тұрғыны балалық шағының фотосын желіде жария еткен ата-анасын сотқа берді

18 жастағы Австрия тұрғыны Facebook желісіне жеті жыл бойы оның рұқсатынсыз балалық шағынан фотоларды жариялап келген ата-анасын сотқа берді. Бұл туралы tjournal.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Бойжеткеннің адвокатының айтуынша, ерлі-зайыптылар қызының дәретке отыруға енді үйреніп жүрген сәтінен бастап кішкентай кезіндегі 500 шақты фотосын желіге жария еткен. Қараша айына жоспарланған істе бойжеткен өзінің құқы тапталғанын алға тартып, жеңіске жетуге ниетті.

"Ата-анам маған құлақ аспайтынынан шаршадым. Олар ұялмай, шектен шығып кетті. Фотода дәрет сындырып жатырмын ба, төсекте жалаңаш жатырмын ба, оларға бәрібір. Әр қадамымды фотоға түсіріп, жалпақ жұртқа жария етті", - деп түсіндірді бойжеткен.

Ал қыздың әкесі болса, фотолардың авторы өзі болғандықтан, оны өз қалауымен қолдана алатынын алға тартып отыр. Бойжеткеннің ата-анасы сотта жеңілген жағдайда, оған ақшалай өтемақы төлеп, соттың шығындарын жабуы тиіс.

Тағы оқыңыздар:

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

Мұрат Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Шымкентте зообақ директоры арыстанның балаларына ат қою үшін желі қолданушыларынан ақыл сұрады

Айнұр Нұрсейіт ұшақтағы төбелес туралы: Әкем балалы әйелдің қылығына шыдай алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252835-18-zhastaghy-avstriya-turghyny-zhelide-balal.html