RU

Қазақстандықтар жерсілкіну қаупі бар жерлерде енді өз бетінше үй сала алмайды

Қазақстандықтар ендігәрі лицензиясы бар фирмалардың көмегінсіз жерсілкіну қаупі бар өңірлерде үйлерін өздері сала алмайды. Бұл туралы yk-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Құрылыс заңнамасындағы соңғы өзгертулер жерсілкіну қаупі бар өңірлерде тұратын барлық қазақстандықтарды лицензиясы бар компанияларды үй салу үшін жалдауға міндеттеп қойды деуге болады. Нақтырақ айтсақ, жыл басынан бері мемлекеттік қабылдау комиссиясы алынып тасталды. Енді үйді иесі өзі қабылдап, оны салушылардан қорытынды акт алдыруы тиіс. Бұл дегенің, егер сіз қарапайым кішігірім үйді өзіңіз салып шыққан болсаңыз, оны пайдалануға рұқсат алудың соңы жырға айналмақ.

Өзгертулер заңнамаға енбей тұрып, өз бетінше үй салуға кірісіп кеткен тұрғындар дайын үйлеріне коммункация жалғап, кіре алмай отыр.

Жаңа ереже бойынша

1 қаңтардан бастап заңнамаға бірталай өзгерістер енді. Жыл басынан бері қабылдау және жұмыс комиссиясы алынып тасталды. Яғни, енді нысанды пайдалануға беру мәселесін тапсырыс беруші өзі реттеуі тиіс.

"Салынған нысанды пайдалануға беру актісіне тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық бақылау жүргізген тұлғалар қол қоюы тиіс", - деп түсіндірді ШҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында.

Қарапайым сөзбен айтқанда, мемлекеттік комиссия бұрынғыдай салынып болған нысанның сапасын бағалап, тұжырым шығармайды. Құрылыс иесі үйін тіркеу үшін өзі тұжырымға қажетті қолдарды жинап, түрлі инстанцияларға жүгінуі тиіс.

Өз бетінше үй саламын деушілерге үйді қолданысқа өзі енгізе алатын мүмкіндік қарастырылған. Дегенмен жерсілкіну қаупі бар өңірлерде тұратын тұрғындар бұл мүмкіндіктен қағылып отыр. Әсіресе Шығыс Қазақстанның тұрғындарына бұл өзгертулер қиындық тудыруда.

"Өткен жылы мен үйді өзім сала бастадым. Біртіндеп қабырғасын қалап та үлгердім. Барлық жұмысты нормаларға сай жүргізгеніммен құрылысқа ешқандай ұйымдарды тартқан емеспін. Енді соның кесірінен мен үйімді қолданысқа енгізе алмаймын ба? Өзгеріс енгізілмей тұрып жеңілірек болатын. Көршілеріміз жекежайды өздері тұрғызды, қабылдау комиссиясын шақыртып, техникалық және авторлық бақылаусыз салғаны үшін 40 АЕК (84 840 теңге) көлемінде айыппұл төлей салды. Кейін сот арқылы үйін заңдастырды. Бәрі солай істейтін. Ал мен бір заңға сай үй салып бастап, енді өзге заңмен бітіруім тиіс", - дейді 28 жастағы тұрғын Андрей Васильев (аты-жөні өзгертілген).

Өзіңіз үй салу мен өзге ұйымдарға салдырудың айырмашылығы

Көбі өз бетінше үй салуды жөн санайтыны қаржыға келіп тіреледі. Себебі лицензиясы бар ұйымдарға жүгінсеңіз, бірталай қаражатты құю керек.

"Өз есебім бойынша екіқабатты үйді салуыма 2 млн теңгедей кетеді, себебі бар жұмысты өзім атқарамын", - дейді Андрей.

Ал лицензиясы бар ұйымдарға жүгінсеңіз, он есе көп ақша төлейсіз.

"Сапалы екіқабатты үй салу жұмысынан бастап, құрылысқа қажетті заттарына және рұқсат алып, тіркеуге дейін санағанда 20 млн теңгеге түседі", - дейді құрылыс қомпанияларының бірінде.

Өзгертулер қауіпсіз үйдің салынуына септік болады

"Бұл шара қауіпсіз сапалы үйлердің салынуына септік болады. Алайда заңнама өзгергенге дейін құрылысты өз бетінше бастап кеткендер қиын жағдайда қалғаны рас. Енді олар үйін өздері тіркей алмайды. Осы орайда министрлік заң өзгермей тұрып ұй салуға кірісіп кеткендерге үйін тіркету мүмкіндігін қарастырып жатыр деген ақпарат бар. Әрине бұл тек жеке өзіне үй салып жатқандарға қатысты болмақ", - дейді ШҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының маманы Гүлия Жұртбаева.

Билік бұл тығырықтан шығар жол іздеп жатқанша, мыңдаған отбасы дайын үйлеріне кіре алмай отыр.

Тағы оқыңыздар:

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

ОҚО-да аяусыз зорланған алты жасар мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп, жанұшыруда (фото)

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Павлодар облысында арнайы жасақ жергілікті тұрғындарды соққыға жықты

Депутат Балиева тентек балаларды отбасынан тартып алуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252889-qazaqstandyqtar-endigi-zhersilkinu-q.html