RU

Қазақстан тарихта алғаш рет футзалдан әлем чемпионатында жеңіске жетті (фото, видео)

2016 жылғы әлем чемпионатының Е тобында өнер көрсетіп жатқан футзалдан Қазақстан құрамасы екінші матчта Коста-Риканы 3:1 есебімен жеңді, деп жазды Sports.kz-ке сілтеме жасап Bnews.kz.

Алғашқы минутта-ақ Дуглас қарсылас қақпасынанан саңылау тапты, ал 15- минутта Алехандро Паньягуа көзге түсіп, есепті теңестіріп кетті. Бірінші таймның соңында Павел Таку қақпаны дәл көздеді. Матчтың екінші жартысы басталған тұсте қазақстандықтар айып добын орындады, Дугластан доп алған Лео өкшесімен гол соқты. Бұдан кейін есеп өзгерген жоқ.

Айта кетейік, бұл - Қазақстанның әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Топтық кезеңнің алғашқы ойынында Қазақстан футзалшылары Аргентинадан 0:1 есебімен жеңілген.

Енді 19 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 03:00-де Қазақстан құрамасы Соломон аралдарымен кездеседі. «Қазақстан» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Коста-Рика – Қазақстан 1:3 (1:2)

Голдар: Дуглас 1 (0:1), Паньягуа 15 (1:1), Таку 16 (1:2), Лео 21 (1:3).

Видео авторы: FIFATV

Тағы оқыңыздар:

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

ОҚО-да аяусыз зорланған алты жасар мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп, жанұшыруда (фото)

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Павлодар облысында арнайы жасақ жергілікті тұрғындарды соққыға жықты

Депутат Балиева тентек балаларды отбасынан тартып алуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252942-qazaqstan-futzal-boyynsha-alem-chempio.html