RU

Еркін Нұржанов 91 тобын қазақ өнерін былғаушылар деп атады (видео)

Танымал әнші Еркін Нұржанов Ninety One тобына қарсы бас көтерген Шымкент жастарын қолдап, үндеу жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Әншінің осы топқа қатысты пікірі таспаға басылып, ол бірқатар әлеуметтік желілерде жарияланған. Видеода Еркін Нұржанов Ninety One тобының Шымкентке концерт қоюына қарсы шыққан жастарды қолдап отырғанын айтқан.

"Мен Қазақстан эстрадасын қолдаймын және сол эстрадаға барынша үлес қосуға тырысамын. Өйткені бір ұлтты екінші ұлтқа ұғымын, салт-санасын, ерекшелігін танытанын өнер болып табылады. Сондықтан, біздің қазақ өнерінің былғанғанын қаламаймын. Дәл бүгінгі таңда, Ninety One тобының қазақ эстарадасына еніп жатқанын білеміз. Сол топтың оңтүстік еліне келіп, концерт беруіне жастардың қарсы болып жатқанына шын жүректер қуанамын. Намысты, ұлтжанды жастардың барына тек қолдауымды білдіремін", -деді ол.

Естеріңізге салсақ, бұдан бірер күн бұрын Ninety One тобының Шымкентке келіп, концерт беруіне қарсы шыққан бір топ жастар Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағына жиналып, видеоүндеу жариялаған болатын. Олардың бұл әрекетін эстрада жұлдызы Заттыбек Көпбосынұлы да қолдайтынын жеткізген. Көп уақыт өтпей Ninety One тобының мүшелері желідегі парақшасына Шымкентте өтетін концерті кейінге шегерілгенін мәлімдеді. Концерттің шегерілуі әкімдіктің шешімімен болған деді олар.

Тағы оқыңыздар:

Өзбекстанда президент орынтағына таласатын алғашқы адам белгілі болды

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

ОҚО-да аяусыз зорланған алты жасар мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп, жанұшыруда (фото)

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Павлодар облысында арнайы жасақ жергілікті тұрғындарды соққыға жықты

Депутат Балиева тентек балаларды отбасынан тартып алуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253291-anshi-erkin-nurzhanov-ninety-one-tobyna-qarsy-bo.html