RU

"Каратист ата" Қазнетте жұлдыз болды

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодағы "каратист ата" көпішілікті таң қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында жария етілген видеода қария өзінің төбелеске әлі де шамасы жететінін байқатады.

"Ата отырыңыз" деп орын бермек болған жастарға қарт кісі аяғын аспанға бір-ақ көтеріп, күші тасып тұрғанын аңдаттырады. 100 мыңнан астам адам тамашалап  үлгерген видеоға жұрт жарыса пікір қалыдруда.

Бірі қария осылайша әлі да жас екенін көрсеткісі келді деп топшыласа, енді бірі оны мас болуы керек деген ой түйген. Дегенмен қарт кісінің мұндай оғаш әрекеті және оны күліп, видеоға түсірген жастар көпшілікке жақпай қалды.

"Олай видеоға түсіріп қажет емес, сол жасқа келгенде біз қандай болатынымызды бір Алла біледі", "Не болса да жастардың болған жағдайды күлкіге айналдырып, видеоға түсіргені дұрыс емес", - дейді желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар:

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

ОҚО-да аяусыз зорланған алты жасар мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп, жанұшыруда (фото)

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Павлодар облысында арнайы жасақ жергілікті тұрғындарды соққыға жықты

Депутат Балиева тентек балаларды отбасынан тартып алуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253293-karatist-ata-qaznette-zhuldyz-boldy.html