RU

Жас келіншектің "саусағын шаппақ" болған қостанайлық полицейлер жаға ұстатты

Қарабалық ауданының Лесной селосында тәртіп сақшылары азаматшаға доқ көрсеткен деп хабарлайды Қостанай таңы.

Осы жылдың 10-сәуірінде шамамен таңғы сағат 9 кездерінде АІІБ қызметкерлері 20 жастағы ауыл тұрғынының үйіне келіп, соңдарынан еруді бұйырады. Азаматшаның үйінде бір жасар нәрестесі қалады. Ол неке құрмаған, бірақ бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана.

Жас ананы полицейлер учаскелік инспектордың кабинетіне кіргізіп, дөрекі түрде сұрау алып, ұрлық жасағанын мойындауды талап еткен.

"Майордың үнсіздікпен берген келісім ишаратын алып, аға лейтенант азаматшаны үркітіп-қорқытады. Егер қойылған сұраққа жауап бермесе, саусақтарын бірінен соң бірін кесетінін айтқан", — делінеді Қостанай облыстық соты берген хабарламада.

Айыпталып отырған тәртіп сақшыларына қатысты сот процесі бүгін, 16-қыркүйекте Қарабалық аудандық сотында болуы тиіс еді. Бірақ қорғаушының өтінішхатына байланысты күдікке ілінгендерді тыңдау аптаға шегертілді.

Қорғаушы іс материалдарының үшінші томымен танысып үлгермегендігін алға тартқан.

Тағы оқыңыздар:

Майк Тайсон ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметті қонағы болмақшы

Назарбаевты Бішкек әуежайында құрметпен күтіп алды (фото)

Өзбекстанда президент орынтағына таласатын алғашқы адам белгілі болды

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

ОҚО-да аяусыз зорланған алты жасар мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп, жанұшыруда (фото)

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253318-zhas-kelinshektinh-sausaghyn-shappaq-bolgh.html