RU

Танымал қазақ әншісі 36 жасында қызды болды (фото)

Танымал қазақ әншісі Тахмина Әшімбекова 36 жасында қызды болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында әнші Дана Маханбаева хабарлады.

"Сүйінші ардақты ағайын! Әнші Тахмина Əшімбекова қыздарыңыз өмірге тəп-тəтті қыз əкелді! Бауы берік болсын! Құттықтап қойсаңыздар болады", - деп жазды ол қуанышты жаңалықпен бөлісіп.

Бұл жаңалықты естіген қолданушылар жас босанған әншіге денсаулық тілеп, "бауы берік болсын" айтты.

Естеріңізге салсақ, кейінгі кезде сахнадан көрінбей кеткен Тахмина бір сұхбатында өзінің шықпай кету себебін тұрмыс құрғанымен байланыстырған болатын. Сонымен бірге, ол, сахнаға қайта оралуына бастапқыда жұбайы қарсы болғанын да айтқан. Бірақ кейіннен, жолдасы өзінің келісімін беріп, биыл көктемде ол "Жеңешем" аты әніне бейнебаян түсіруді қолға алғанын хабарлаған.

Тағы оқыңыздар:

Өзбекстанда президент орынтағына таласатын алғашқы адам белгілі болды

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

ОҚО-да аяусыз зорланған алты жасар мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп, жанұшыруда (фото)

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Павлодар облысында арнайы жасақ жергілікті тұрғындарды соққыға жықты

Депутат Балиева тентек балаларды отбасынан тартып алуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253325-tanymal-qazaq-anshisi-qyzdy-boldy-foto.html