RU

Дариға Назарбаева сенатта қорғаныс комитетін басқаратын болды

Қазақстан премьер-министрінің бұрынғы орынбасары Дариға Назарбаева бірауыздан халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша сенат комитетінің басшысы болып сайланды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Пленарлы отырыста сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарға халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша сенат комитетінің төрағасын сайлау ұсынысын жасады.

"Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша сенат комитетінің төрағасы ретінде Дариға Назарбаеваны сайлауды ұсынамын", - деді ол.

Отырысқа қатысқан депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

"Дариға Нұрсұлтанқызы комитет төрағасы ретінде сүбелі үлес қосатынына сенімдімін. Сізге жетістіктер тілейміз", - дейді Тоқаев.

Еске салсақ, Дариға Назарбаева 13 қыркүйек күні сенат депутаты болғаны хабарланған. Сенат депутаттары отырыста Икрам Адырбековті аталмыш комиеттің төрағасы қызметінен босату үшін дауыс берді.

"Икрам Адырбекұлының атқарған қызметін жоғары бағалай отырып, оған алғыс айтамыз. Алдағы уақытта сенаттың парламенттік қызметіне салмақты үлес қосасыз деген сенімдеміз", - дейді Тоқаев.

Тағы оқыңыздар:

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

ОҚО-да аяусыз зорланған алты жасар мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп, жанұшыруда (фото)

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Павлодар облысында арнайы жасақ жергілікті тұрғындарды соққыға жықты

Депутат Балиева тентек балаларды отбасынан тартып алуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253340-darigha-nazarbaeva-qorghanys-boyynsha-s.html