RU

Бүркіт бала бағып, келіншегіне жанын сала көмектесіп жүр (фото)

Танымал әнші Бүркіт бала тәрбиесіне араласып қана қоймай, оны бағуда да алдына жан салмайтынын көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші өзінің желідегі парақшасына баласын ұйықтатып жатқан суретін жүктеп, "Баланы күндіз ұйықтату деген үлкен проблема ғой", - деп жазып қойды.

Оның көтерген "проблемасы" көптеген қыз-келіншектердің де жанды жеріне тиген көрінеді. Олар баланы ұйықтатудың қызығы да шыжығы да мол екенін айтты.

"Айтпаңыз, балаң ұйықтағанша өзіміз бір ұйықтап қаламыз", "Ой, бізде де осындай проблема ғой, баламды күндіз әрең ұйықтатамыз айқай-шумен", "Өзіңді ұйықтатып, содан соң ұйықтайды ғой бала деген", "Ауылдық жерде келіндер баланы ұйықтатамыз деп бөлмесіне кіріп кетеді де, өздері де бір мызғып алады ғой, шіркін. Оны енелері де біліп отырады", - деп жазды қолданушылар.

Олар Бүркіттің балаға деген ықыласына қуанып, балаларына денсаулық тіледі.

Естеріңізге салсақ, жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр. Тұңғыш ұлдарының есімі Зейін болса, екінші ұлына олар Омар деген есім берген.

Тағы оқыңыздар:

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

ОҚО-да аяусыз зорланған алты жасар мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп, жанұшыруда (фото)

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Павлодар облысында арнайы жасақ жергілікті тұрғындарды соққыға жықты

Депутат Балиева тентек балаларды отбасынан тартып алуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253399-burkit-bala-baghyp-kelinshegine-zhanyn-s.html