RU

Үкіметтің жаңа құрамына енгендер арасында оңтүстіктің өкілдері көп болып шықты

Министрлік портфельге жаңадан ие болғандардың басым бөлігі – еліміздің оңтүстік өңірінен шыққандар екен. Атап айтқанда, 6 министрдің туған өлкесі – Оңтүстік Қазақстан.

Бұл туралы «Рейтинг» газеті жазды.

Вице-премьер-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың күні кешеге дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарғаны белгілі. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев та шымкенттік. Оның әкесі, экс-мәжілісмен Уәлихан Бишімбаев ұзақ жылдар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып істеген.

Жаңадан құрылған дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің тізгінін қолға алған Нұрлан Ермекбаевтың да туған жері Оңтүстік Қазақстан облысы. Ресми ақпараттарға қарағанда оның әкесі Байзақ Ермекбаев ұзақ жылдары Шымкент педагогикалық институтының ректоры болып істеген.

Жаңа әділет министрі Марат Бекетаев та Шымкент қаласының тумасы болып шықты. Иманғали Тасмағамбетовтың орнын басқан, жаңа Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында дүниеге келген.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова еңбек жолын өзінің туған жері Сарыағаш ауданынан бастаған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін бір емес екі мәрте атқарған.

Ал үкіметтің су жаңа жетекшісі Бақытжан Сағынтаев пен ауыс-түйістен кейін өзінің байырғы қызметіне қайта оралған Қайрат Қожамжаровтың Жамбыл облысының түлегі екендігі белгілі. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шу қаласында туып-өскен.

Үкіметтің жаңа құрамында бір топ алматылықтар тағы бар. Бұған өзге де жауапты лауазымдардағы «южандарды» қосыңыз. Мәселен, «Самрұқтағы» Шөкеев шымкенттік, Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми – Жамбыл облысынан, Бас прокурор - Қызылорданың түлегі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын билік басында оңтүстіктегілердің  тым әлсіреп, биліктен шеттетілгені жайлы айтылып жүргенінде, күтпеген жерден жағдай өзгеріп шыға келді.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттік қария халықты атеист болып, дінге сенбеуге шақырды

Дариға Назарбаева өзін президенттің мұрагері санамайтынын айтты

Путиннің ұшағы кешіккен соң, Бішкектегі саммит кейінге қалдырылды

Жас келіншектің "саусағын шаппақ" болған қостанайлық полицейлер жаға ұстатты

Ринат Зайытов отбасылы болса да, өзінің қызқұмар екенін мойындады (видео)

ОҚО-да дәрігерлер қабылдамай, сенделтіп қойған сырқат әйел көз жұмды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253481-ukimettinh-zhanha-quramyna-engender-ara.html