RU

Жасы 70-ке келгенде немересіндей қызды тоқал қылған Амантай қажы күлкіге қалды

Танымал журналист Қуандық Шамахайұлы жасы жетпіске келгенде тоқал алмақ болған Амантай қажыны сынға алды.

Бұл туралы ол Facebook парақшасына жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Амантай қажы тоқал алды деп желі қолданушыларының алақайлайтын еш реті жоқ. Немересімен жасты әйелмен бас қосу арсыздық, әрі орта ғасырға кері кетіп азғындаушылық. Оны кереметке балаушылардың естерінің дұрыстығына күмәнім бар. Баспен ойлау керек қой, ышқырмен емес. Көшпенді халықтар дәстүрінде бір мүшел жас кіші әйелмен некелесуге тиым салған заман болған. Ал, қазір 2-3 мүшел жас кіші болса да оған қарап жатқан жоқ. Күндердің күнінде қызың 18 жасқа толғанда 70-тегі шал тоқал етуге айттырып келсе батаңды бересің бе?", - деп жазады журналист.

Еске сала кетейік, Амантай қажы өзіне тоқал болуға келіскен жас бойжеткенді тапқанын айтқан болатын.

Тағы оқыңыздар:

Дариға Назарбаева өзін президенттің мұрагері санамайтынын айтты

Путиннің ұшағы кешіккен соң, Бішкектегі саммит кейінге қалдырылды

Жас келіншектің "саусағын шаппақ" болған қостанайлық полицейлер жаға ұстатты

Ринат Зайытов отбасылы болса да, өзінің қызқұмар екенін мойындады (видео)

Өзбекстанда президент орынтағына таласатын алғашқы адам белгілі болды

ОҚО-да дәрігерлер қабылдамай, сенделтіп қойған сырқат әйел көз жұмды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253533-zhasy-70-ke-kelgende-nemeresindey-qyzdy-t.html