RU

Өзбек күйеуі тастап кетеді деп қорыққан ақтөбелік әйел көмек сұрады

Тағайындалғанына бір ай болмаған Ақтөбе облысының бас полицейі «Нұр Отан» партиясында отырып, қоғамдық қабылдау жүргізді.

Ақтөбе облыстық ІІД-нің басшысы Махамбет Әбісатовтың қабылдауына келгендер көп болған жоқ деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

«Қоғамдық қабылдауға 8 адам келді. Көпшілігі кадр мәселесіне қатысты сұрақтар болды. Бір күрделілеу сұрақпен келген адам болды. Қазақстан азаматшасының күйеуі қарақалпақ, Өзбекстан азаматы. Араларында үш балалары бар. Заң бойынша Қазақстан аумағында тұру үшін 3 млн теңгедей қаржысы болуға тиіс. Бірақ отбасында бұл қаржы жоқ. Ол қиын жағдайға тап болғанын, отбасы ортасына түсуі мүмкін екендігін айтып көмек сұрады. Біз осы отбасылық түсініспеушіліктерді заңды тұрғыда шешуге жұмыс жасаймыз. Көмек көрсетуге тырысамыз»,- деді облыстық ІІД-нің басшысы Махамбет Әбдісатов.

Жаңа басшы сұқбат сұрап мазалаған журналистерге өзіне пиар керек емес екендігін де айтып, мемлекеттік қызметкердің міндетін түсіндіріп берді.

«Қоғамдық қабылдау компания акциясы немесе пиар емес. Біз адамдардың проблемасын шешуге келдік. Әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті- халыққа қызмет көрсетіп, сұрақтарын шешу. Билік сол үшін де құрылған»,-деді облыстық ІІД-нің басшысы.

Теракт оқиғасынан кейін Ақтөбеге жаңадан тағайындалған ІІД-нің басшысына бұрын жұмыстан қуылған полиция қызметкерлері де көмек сұрап келген.

Тағы оқыңыздар:

Сүйікті футболшыларын көрген жанкүйер 45 минуттан соң қайтыс болды (фото)

Жасы 70-ке келгенде немересіндей қызды тоқал қылған Амантай қажы күлкіге қалды

Дариға Назарбаева өзін президенттің мұрагері санамайтынын айтты

Путиннің ұшағы кешіккен соң, Бішкектегі саммит кейінге қалдырылды

Жас келіншектің "саусағын шаппақ" болған қостанайлық полицейлер жаға ұстатты

Ринат Зайытов отбасылы болса да, өзінің қызқұмар екенін мойындады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253616-ozbek-kuyeui-tastap-ketedi-dep-qoryqq.html