RU

Назарбаев пен Путин Атамбаевтың 60 жасын тойламақшы

ТМД мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Бішкекке ат басын тіреген көшбасшылардың басым бөлігі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың мерейтойына қалады.

Бұл туралы Қырғызстан президенті аппараты сыртқы саясат бөлімінің басшысы Сапар Исаков мәлімдеді деп жазады Қазақпарат.

«17 қыркүйек күні қырғыз елінің басшысы 60 жасқа толады. Меніңше, мемлекеттер басшыларының басым бөлігі президенттің мерейтойына қалады», - деді Исаков.

Еске сала кетейік, ТМД елдері мемлекет басшыларының мерейтолы саммитіне президенттер Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин, Эмомали Рахмон, Александр Лукашенко және Ильхам Алиев қатысады.

Қалған қатысушы-мемлекеттер атынан үкімет және сыртқы істер министрліктерінің басшылары келеді.

Тағы оқыңыздар:

Өзбек күйеуі тастап кетеді деп қорыққан ақтөбелік әйел көмек сұрады

Сүйікті футболшыларын көрген жанкүйер 45 минуттан соң қайтыс болды (фото)

Жасы 70-ке келгенде немересіндей қызды тоқал қылған Амантай қажы күлкіге қалды

Дариға Назарбаева өзін президенттің мұрагері санамайтынын айтты

Путиннің ұшағы кешіккен соң, Бішкектегі саммит кейінге қалдырылды

Ринат Зайытов отбасылы болса да, өзінің қызқұмар екенін мойындады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253629-nazarbaev-pen-putin-atambaevtynh-60-zhasy.html