RU

Еліміздегі сарбаздар Отан алдындағы борышын бұрынғыдай 2 жыл өтеуі мүмкін

Елімізде Отан алдындағы міндетті борышын өтеу уақыты бұрынғыдай 2 жылға қайта ұзартылуы мүмкін. Бүгін сенат депутаты Дариға Назарбаева парламент қабырғасында осындай ұсыныс жасады деп жазады Baq.kz.

«Үкіметте жұмыс істеген кезімде жастар мәселесін көп талқылаған болатынбыз. Мектеп бітіргеннен кейін арасында колледжге де, жоғары оқу орындарына да түспейтін жастар көп. Статистикалық көрсеткіш өте нашар. Жыл сайын мектеп бітірген 24 мыңға жуық түлек еліміздің не экономикалық, не әлеуметтік жүйесін ене алмайды. Сондықтан Парламент отырсында келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскерилерді қысқартуды ұсынамын. Оның орнына отан алдында борышын өтейтін сарбаздардың санын көбейтуді ұсынғым келеді. Оларға әскерде өз міндетін атқаруға мүмкіндік беру қажет. Сол кезде олар жаңа мамандықтарды меңгеріп, жұмыспен қамтылатын еді», – дейді сенатор.

Дариға Нұрсұлтанқызының айтуынша, бұдан мемлекетте де, әскерде көп нәрсе ұтады екен.

«Бүгінгі таңда әскерилердің 80 пайызы келісімшарт бойынша қызмет атқаратындар. Меңінше, бұл үлкен көрсеткіш. Өте көп деп айтса болады. Сондықтан олардың санын қысқартып, әскерге шақырылатын сарбаздардың санын көбейту керек. Әсіресе ауыл жастары үшін бұл әлеуметтік баспалдақ болары сөзсіз. Өздеріңіз білесіздер, бір жылдың ішінде барлығын меңгеру, игеру оңай шаруа емес. Сондықтан қайтадан бұрынғы жүйеге көшіп, екі жылдыққа ауысуды ұсынамын», – дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда жарылып кететін Samsung смартфонына тыйым салынды

Сүйікті футболшыларын көрген жанкүйер 45 минуттан соң қайтыс болды (фото)

Жасы 70-ке келгенде немересіндей қызды тоқал қылған Амантай қажы күлкіге қалды

Дариға Назарбаева өзін президенттің мұрагері санамайтынын айтты

Ринат Зайытов отбасылы болса да, өзінің қызқұмар екенін мойындады (видео)

Назарбаев пен Путин Атамбаевтың 60 жасын тойламақшы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253643-elimizdegi-sarbazdar-otan-aldyndaghy.html