RU

Ақтөбе әкімдігі алтын жалатылған креслоға тапсырыс береміз деп күлкіге қалды

Ақтөбелік шенділер креслоның былғарысын қойып, енді алтын жалатылған түріне тапсырыс бере бастапты. Мемлекеттік сатып алу сайтына тапсырысты облыс әкімінің іс басқармасы берген деп хабарлайды КТК арнасы.

Хабарландыруда креслоның еменнен жасалып, терімен қапталып, алтын жалатылған сымдармен тігілуі керектігі айтылған. Мұндай ерекше мүлік үшін қазынаның 630 мың теңгесін аямайтындарын жазыпты. Бірақ, дағдарыс кезінде дарақыланған шенеуніктер жұрт даурыққан соң райларынан қайтып отыр.

Он күн бұрын жариялаған хабарландыруда қате кетті деп енді ақталып әлек. Оған жол берген қызметкерге қатаң сөгіс жариялап та үлгерген. Алтын орынтаққа жайғаспақ болған әкімнің Іс басқармасының басшысы Әділ Сейсенбаев орнынан табылмады. Ал қарамағындағылар креслоның алтын емес, сары түсті болғанын қаладық деп өздерінше түсіндіргендей болды.

"Алтын емес, сол сары түсті болу керек деп айттық. Алтын болу үшін караты болуы керек, құрамы болуы керек. Егер таза алтыннан болатын болса. Ол жақта олай жазылмаған. Шегелерінің түсі ғана жазылған", - дейді Ақтөбе облысы әкімі іс басқармасының заңгері Бақытбек Аяғанов.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда жарылып кететін Samsung смартфонына тыйым салынды

Сүйікті футболшыларын көрген жанкүйер 45 минуттан соң қайтыс болды (фото)

Жасы 70-ке келгенде немересіндей қызды тоқал қылған Амантай қажы күлкіге қалды

Дариға Назарбаева өзін президенттің мұрагері санамайтынын айтты

Ринат Зайытов отбасылы болса да, өзінің қызқұмар екенін мойындады (видео)

Назарбаев пен Путин Атамбаевтың 60 жасын тойламақшы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253768-altyn-zhalatylghan-kreslogha-tapsyrys-b.html