RU

Алпысқа жақындаған қостанайлық 10 жасар қыздарға тиіспек болған

Қостанай облысының 59 жастағы тұрғынын балаларды азғындыққа итермелегені үшін соттайды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Қазақпарат.

1957 жылғы Қарабалық ауданының тұрғыны ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлімі «Жас балаларды азғындық жолға түсіру. Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау» бойынша айыпталуда.

Санкцияда 4 жылға дейін бостандығын шектеу немесе 3-тен 5 жылға дейін бостандығынан айыру қарастырылған.

Сонымен қатар, оған ҚР ҚК 124-бабы 3-бөліміндегі «Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер» айыбы тағылды.

Баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10-нан 20 жылға дейін айыру немесе бұл жазасыз 7-ден 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Іс бойынша жапа шегушілер 11 және 12 жастағы қыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда жасы жүзге жуықтаған әжей аурухананы басына көтерді

Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр

Темекі шегіп отырған 8-9 жасар қазақ баласының қылығы қазнетті шулатты

Каримовтің басына құран оқымақ болған қарияның ерлігі жұртты сүйсінтті

Жұмыссыз атыраулықтар 150 мың теңгелік жалақыға қанағаттанбай отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253917-alpysqa-zhaqyndaghan-qostanaylyq-10-zhasa.html