RU

Роза Әлқожаның дүкенін тонап, идеясын ұрлап кетті

Осыдан тура бір жыл бұрын әнші Роза Әлқожа өнердегі әріптестерін жинап жеке кәсібінің тұсауын кескен болатын.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Мен сыйға тартқан орамал» әнімен танылып, елдің сүйікті әншісіне айналған Роза орамал сататын бутигінің атауын да дәл сол әнмен байланыстырған болатын. Дүкенде қыз-келіншектерге арналған орамалдар, аналарға арналған ақ жаулықтар, қазақы ою-өрнек бедерленген бас киімдер сатылады.

Роза Әлқожа орамал сататын дүкен ашқалы бері ұрлықтан көз ашпай келеді. Біресе, кассасынан қомақты қаржысын үптеп кетсе, ал көрші қырғыз ағайындары тіпті идеясын ұрлап, орамалдарын базарларда сатып жатқан көрінеді.

"Қазақша оюы бар, бірақ біздікінен әлдеқайда арзан. Сосын басында оған таң қалып жүрдік. Бір күні оны менің орамалдарым деп сата бастады. Олар тіпті басына бастады деуге болады", - дейді Роза Әлқожа.

Бұл жағдай әншінің тек ашу-ызасын ғана емес, саудасын да біраз шығынға батырады.

"Біз сіздердікін алғанша мың жарым теңгеге көп орамалды базардан алғанымыз тиімді дей бастады келушілер. Бір дүкен қалды, жұмысшыларымызды қысқарттық", - деді әнші.

Өз қолынан шыққан орамалдарының көшірмесін жайма базарлардан көрген әнші ары-бері аңысын аңдап, оның Бішкектен шығарылып жатқанын анықтайды. Біле салысымен дереу сол елге аттанады.

"Идеяның бізден ұрланып жатқанын білдім. Бішкекке арнайы барып, аяғымнан тозып, базар аралап, таптық. Дәурен деген жігіт. Біз сіздің орамалдарыңызды басып шығарып жатырмыз. Маған Қазақстаннан ұсыныс түсті, осы желтоқсан айынан бастап сіздің орамалдарыңызға ұқсатып жасап жатырмыз деді", - дейді Роза Әлқожа.

Дегенмен әнші бұған жасымады, керісінше, бәсекеге төтеп беру үшін орамалдарының түрін 80-ге арттырған. Ең қымбат орамал ешқандай техниканың көмегінсіз, бояумен өрнектеліп, қолмен жасалған.

Әнші халықтың отандық өнімге деген сұранысының әлі де болса артпағанына қынжылады.

"Біздікін сатып алмайды", - дейді әнші.

Дегенмен, әнші идеясын ұрлап, пайда тауып жүргендерді білсе де, еш қандай жаза қолданбапты.

Тағы да оқыңыздар:

Алпысқа жақындаған қостанайлық 10 жасар қыздарға тиіспек болған

Алматыда жасы жүзге жуықтаған әжей аурухананы басына көтерді

Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр

Темекі шегіп отырған 8-9 жасар қазақ баласының қылығы қазнетті шулатты

Каримовтің басына құран оқымақ болған қарияның ерлігі жұртты сүйсінтті

Жұмыссыз атыраулықтар 150 мың теңгелік жалақыға қанағаттанбай отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253926-roza-alqozha-dukenin-tonap-ideyasyn-url.html