RU

30 жыл бойы мұсылмандармен жүрген британиялық елші исламды қабылдады (фото)

Ұлыбритания елшісі Саймон Коллиз ислам дінін қабылдаған және қажылық жасаған Сауд Арабиясындағы алғашқы жоғары лауазымды британиялық дипломат атанды, деп жазды Daily Mail-ға сілтемемен e-islam.kz.

Коллиз хабарлағандай, ол мұсылмандар арасында 30 жыл тұрғандықтан, ислам дінін қабылдау туралы шешімге келген.

Басылым ақпаратынша, Сауд королі атындағы Университет (King Saud University) қызметкері Фозия Альбакр (Fawziah Albakr) Twitter-дегі өзінің парақшасына британиялық елшінің қажылық кезінде сириялық әйелі Худамен түскен суретін жариялады.

Басылым "Сауд Арабиясындағы британиялық елші ислам дінін қабылдағаннан кейін алғашқы қажылығын жасады: Саймон Коллиз өзінің әйелі Худамен Меккеде", - деген фотоның астына жазылған сөздерді жариялаған. Британиялық дипломат жарияланымға алғыс айтқаны хабарланды.

Коллиз мәлім еткендей, ол жаңа дінді Худаға үйленер алдында қабылдаған, алайда мұны көп адам білмеген.

Тағы да оқыңыздар:

Сәбит Әбдіхалықов: Мен елге "отчет" беретін ақымақ емеспін

Әйгілі супермодель биік өкшелі туфлимен жүре алмай, құлап қалды (фото)

Роза Әлқожаның дүкенін тонап, идеясын ұрлап кетті

Алпысқа жақындаған қостанайлық 10 жасар қыздарға тиіспек болған

Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр

Темекі шегіп отырған 8-9 жасар қазақ баласының қылығы қазнетті шулатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253985-saud-arabiyasyndaghy-britaniyalyq-elshi.html