RU

Назарбаев Атамбаевты 60 жасымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты 60 жылдығымен құттықтады деп жазады Қазақпарат.

«60 жылдық мерейтойыңызға қарай менің құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіздің белсенді талпыныстарыңыз бен талаптарыңызды, сонымен қатар Қырғызстанның өркендеуі жолындағы жан-жақты қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Астана мен Бішкек арасындағы достық және одақтастық қатынастар алдағы уақытта да нығаятынына сенімдімін. Құрметті Алмазбек Шаршенұлы, Сізге мықты денсаулық, жауапты қызметіңізде табыс, ал бауырлас қырғыз халқына береке мен өркендеу тілеймін», - делінген Қазақстан Президентінің құттықтау хатында.

Сонымен қатар, бүгін Ресей мен Қырғызстан арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың және стратегиялық серіктестіктің дамуына қосқан үлесі үшін Ресей пррезиденті Владимир Путин Алмазбек Атамбаевты Александр Невский медалімен марапаттады.

Марапаттау рәсімі Бішкектегі екіжақты кездесу барысында өтті.

Тағы да оқыңыздар:

Сәбит Әбдіхалықов: Мен елге "отчет" беретін ақымақ емеспін

Әйгілі супермодель биік өкшелі туфлимен жүре алмай, құлап қалды (фото)

Роза Әлқожаның дүкенін тонап, идеясын ұрлап кетті

Алпысқа жақындаған қостанайлық 10 жасар қыздарға тиіспек болған

Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр

Темекі шегіп отырған 8-9 жасар қазақ баласының қылығы қазнетті шулатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1253991-nazarbaev-atambaevty-60-zhasymen-quttyq.html