RU

Астанада әйел өлтірді деген күдікпен әскери қызметкер ұсталды

Астана полицейлері ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Ақмола облысының 24 жастағы тұрғынын ұстады. 15 тамызда ол Астана ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды деп хабарлайды Қазақпарат.

«14 тамызда шамамен сағат 11.30-да Абылай хан даңғылы бойындағы үй ауласынан түрлі жарақаттармен Н. есімді азаматша табылып, медициналық мекемеге жеткізілді. Ол алынған жарақаттар салдарынан ауруханада көз жұмды. Аталған факт ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілерімен Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелді», - деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет еткен әскеридің қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Алматы аудандық сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау шарасы санкцияланды.

Астана қалалық ІІД қылмыстық істі әрі қарай қарау үшін ҚР ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасына тапсырды.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев Атамбаевты 60 жасымен құттықтады

Сәбит Әбдіхалықов: Мен елге "отчет" беретін ақымақ емеспін

Әйгілі супермодель биік өкшелі туфлимен жүре алмай, құлап қалды (фото)

Роза Әлқожаның дүкенін тонап, идеясын ұрлап кетті

Алпысқа жақындаған қостанайлық 10 жасар қыздарға тиіспек болған

Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр

Сауд Арабиясындағы британиялық елші мұсылман дінін қабылдады (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254051-astanada-ayel-oltirdi-degen-kudikpen.html