RU

Шетелдік БАҚ Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін бес боксшыны атады

Boxingnewsonline.net порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін бес боксшыны атады.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ең танымал нұсқа - Сауль Альварес «Канело», американдық Дэниэл Джейкобс және британдық Билли Джо Сондерс. Сондай-ақ тізімге британдық боксшы Джеймс Дигейл және ресейлік Сергей Ковалёв кіріп отыр.

Ең болуы ықтимал нұсқа - Головкиннің Джейкобспен айқасы. Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығы (WBA) оларды 120 күннің ішінде рингте кездесуге міндеттеді.

Бұдан бұрын Сондерс, Головкинмен айқас алдында бір жекпе-жек өткізгісі келетіндігін мәлім еткен болатын.

Яғни Головкин - Сондерс жекпе-жегі GGG пен Джейкобспен кездесуінен соң кезекті айқас ұйымдастырылады деп болжам жасауға болады.

Тағы да оқыңыздар:

Бангладеш көшелерін қан аралас жаңбыр шайып кетті (фото)

Сәбит Әбдіхалықов: Мен елге "отчет" беретін ақымақ емеспін

Әйгілі супермодель биік өкшелі туфлимен жүре алмай, құлап қалды (фото)

Роза Әлқожаның дүкенін тонап, идеясын ұрлап кетті

Алпысқа жақындаған қостанайлық 10 жасар қыздарға тиіспек болған

Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254218-sheteldik-baq-golovkinninh-qarsylasy-b.html