RU

Атамбаев тақыр жерде ұйықтаған баланы табуға бұйырды (фото)

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев әлеуметтік желілерде кең тарап, қызу талқыланып жатқан суреттегі баланың жағдайын зерттеуді тапсырды.

Онда болжам бойынша Ош қаласындағы Қара-Cуу базарының аумағында балақай контейнердің астында ұйықтап жатыр, деп хабарлайды knews.kg-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Президент аппаратының жетекшісі Фарид Ниязов бұл тапсырманы үкіметке, вице-премьер-министр Гүлмира Құдайбердиева мен Ош облысы үкіметінің уәкілетті өкілі Таалайбек Сарыбашевке жүктеді.

«Үкімет баланы тауып, оған қамқор болады. Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елдің базарларындағы балаларға қатысты жағдайларды жіті тексеру керек», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін K-News әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан суретті жариялады. Кішкентай ұл бала контейнерлер жанында жерге төселген картон қағаз үстінде ұйықтап жатқан. Желі белсенділерінің айтуынша, бұл сурет Ошта Қара-Суу базарында түсірілген.

Тағы оқыңыздар:

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Атыраулық кәсіпкер Баян Есентаевамен байланысы туралы қауесетке пікір білдірді

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

Теміртауда жас жігіттер топ болып бірін-бірі соққыға жықты

Головкиннің басты қарсыласы әлем чемпионы атағын қайтарып алды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254476-atambaev-zherde-uyyqtaghan-balany-tabu.html