RU

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Ұлттық ұлан қатарында әскери қызмет атқарып жүрген Жандос Алдабеков өрімдей қыздың өмірін сақтап қалды деп хабарлайды 24 арна.

Қызылорда қаласындағы «5547» әскери бөлімнің рота командирі ес-түссіз көшеде құлаған Гүлмира Сабыр есімді бойжеткенге жедел көмек көрсетіп, аман қалуына себепші болған.

Тамыз айының бас кезі, күн сәскеден ауған шақ. 12 жылдан бері әскери қызмет атқаратын Жандос Алдабеков қаруластарымен бірге оқушылар сарайы маңын шолып жүріп, адамдар шоғырын байқайды. Дереу барса, денсаулығы сыр берген жас қыздың жерде жатқанын көреді. Айналасына жиналғандар не істерлерін білмей дал. Жауынгер ойланбастан шұғыл алғашқы көмек шараларын қолдануға кіріседі.

"Күре тамырының соғысы өте төмен екен. Ең бірінші жүрек қағасының өте төмен болғанын байқадым. Жүрегіне соққылар беріп, массаж жасап осылай әскери 1-ші жедел жәрдем көмегін көрсеттім. ҚР ҰҰ сарбаздары мен сардарлары ҚР азаматтарын қорғап, олардың конституциялық мүдделерін қорғап, көмектесу ең басты міндетіміз деп білеміз", - дейді  «5547» әскери бөлімінің рота командирі Жандос Алдабеков.

Облыс орталығында 7 жыл бұрын құрылған ішкі әскер бөлімінің сарбаздары қоғам тыныштығын сақтауға елеулі үлес қосып келеді.

Қарағандыда туып, Сыр бойының қоғамдық қауіпсіздігін қорғап жүрген Жандос Алдабеков «Ұлттық Ұлан Үздігі» атты марапатқа ұсынылды. Әбжіл қимылы мен әскери антқа адалдығы арқасында адам өміріне араша болған сардардың кеудесінде жұлдызды төсбелгі жарқырайтын күн жақын.

Тағы оқыңыздар:

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Атыраулық кәсіпкер Баян Есентаевамен байланысы туралы қауесетке пікір білдірді

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

Теміртауда жас жігіттер топ болып бірін-бірі соққыға жықты

Головкиннің басты қарсыласы әлем чемпионы атағын қайтарып алды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254672-qyzylordada-askeri-qyzmetker-koshede.html