RU

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД ұйымына Ресей төрағалық етеді. Бұл шешім ТМД мемлекет басшыларының 16-17 қыркүйекте Бішкекте өткен саммитінде қабылданды деп жазады centralasian.org.

Украинаның Қырғызстандағы елшісі Николай Дорошенконың мәлімдеуінше, Украина келесі жылы ТМД ұйымын Ресейдің басқарғанын қаламайды, өйткені Ресей Украина аумағының бір бөлігін аннексиялап алып, елдің шығысында әскери жанжалдың тууына ықпал етті.

Дорошенконың айтуынша, Украина 2020 жылы ТМД елдерінде халық санағы жүргізілуін құптайды, бірақ Ресей Украинаның аннексияланған аумағының халқын есепке алған жағдайда, Украина санақ нәтижесін мойындамайды.

Ресей президенті Владимир Путин оған жауап ретінде: "Қырым Ресейге түбек халқының қалауымен қосылды", - деп мәлімдеді.

Бұған қоса Путин Украинаның ТМД жарғысына қол қоймайғанын, ол құжатты мақұлдамағанын алға тартты. "Сол себепті ол бұл ұйымның жұмысын қалай ұйымдастыру керектігіне қатысты ұсыныс жасай алмайды", - деп жауап берді Путин.

Тағы оқыңыздар:

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Атыраулық кәсіпкер Баян Есентаевамен байланысы туралы қауесетке пікір білдірді

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

Теміртауда жас жігіттер топ болып бірін-бірі соққыға жықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254687-ukraina-reseydinh-tmd-gha-toragha-boluyn.html