RU

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Нұрсұлтан Назарбаев спорт ғимаратын аралап көріп, қысқы универсиаданың ресми белгісімен танысты деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сондай-ақ мемлекет басшысы университеттік спорттың халықаралық федерациясы өкілдерімен әңгімелесіп, федерацияның тікелей қолдауымен Дүниежүзілік қысқы универсиаданы Қазақстанның табысты өткізетініне сенім білдірді. Федерация өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа алда болатын универсиада аясындағы барлық іс-шаралардың тиімді өтуіне қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан президентін универсиада өткеннен кейін нысандардың қалай пайдаланылатыны туралы да хабардар етті. Олар спорт мектептерінің, кәсіби және әуесқой командалардың жаттығуларын ұйымдастыру орталықтары ретінде пайдаланылады.

Сонымен қатар мемлекет басшысы «Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығымен» танысты. Онда Ықылас атындағы халық аспаптары музейі, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік музей, Алматы қаласының тарих музейі, сондай-ақ мемлекеттік мұрағаттар қорынан алынған қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлерінің бірегей аспаптары көрермендер назарына ұсынылған.

Нұрсұлтан Назарбаев орталыққа өзінің жеке домбырасы мен әйгілі күйші Дина Нұрпейісоваға арналған «Дала әуендері» атты мүсінді тарту етті.

Тағы оқыңыздар:

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Атыраулық кәсіпкер Баян Есентаевамен байланысы туралы қауесетке пікір білдірді

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254696-nursultan-nazarbaev-dombyrada-sheber.html