Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда сүндетке отырғызылған 8 жасар баланың ой-өрісі нашарлап кетті

Опубликовано:

Қостанай сотында 8 жастағы баланың денсаулығына залал келтіру фактісі бойынша азаматтық іс қаралады. Баланың анасы соттан денсаулыққа келтірілген залал үшін жеке емханадан моральдық шығынды өндіріп беруді сұрайды.

Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған Қостанай таңы хабарлап отыр.

Өткен жылдың 7-тамызында Қостанай тұрғыны баласын сүндетке отырғызу мақсатынмен жеке емханаға жүгінген. Қызмет құны – 20 000 теңге. Баланың қандай да бір дәрі-дәрмекке аллергиясы бар не жоқтығын сұрамаған медицина қызметкерлері медициналық қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасаған.

Сүндеттеу отасы жалпы анестезия арқылы лазерлік жолмен жасалды. Шағымданушының сөзінше, бірнеше күн бойы ісік басылмаған соң қайта емханаға жолыққанда дәрігер дөрекілік танытып, баланы немқұрайлы қарап, ата-ананың өздерінің кінәлі екендіктерін айтқан.

12-тамыз күні облыстық балалар ауруханасына қайта барғанда бала ауруханаға жатқызылады. Ал, ЖШС-не лицензиясыз жұмыс істеу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Бүгінде баланың денсаулығы қалпына келе қоймаған. Бірнеше мәрте жасалған анестезия салдарынан ой-өрісінің дамуында кемшіліктер бар. Ал, оның анасы жүйке неврозына шалдыққан. Талап шағымында азаматша жеке емханадан 20 000 теңге материалдық және 5 млн теңге моральдық шығынды өндіруді сұрайды.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1254704-qostanayda-sundetke-otyrzyghylghan-8-zha/

pixel