RU

Қызының оқуын Skype арқылы қадағалайтын гастарбайтер көпшілікті елжіретті

Ресейде мигрант атанып жүрген тәжікстандық 1-сыныпқа барған қызыны оқуын Skype арқылы қадағалап жүр деп жазады centralasian.org.

Тәжік Фирдавс нәпақа табу үшін Ресейге кетуге мәжбүр болды. Әйелі мен жеті жастағы қызы Сумая үйде қалды.

Мектеп табалдырығын енді аттаған қызы әкесін ұмытып қалмас үшін, Фирдавс күнде кешкісін үйге скайп арқылы хабарласып, оның үй тапсырмаларын орындауға көмектесіп жүр.

"Әкем күнде хабарласады. Ол мектепке бардың ба, сабағыңды оқыдың ба, қандай әріп өттіңдер деп сұрайды", - дейді Сумая.

Әкесі қызының білім алғанын қалайды.

"Мен оған жақсы оқы дедім. Алғашқы күндері ол біраз қиналды. Бірақ біз оған көмектесуге тырысып жүрміз. Құдай қаласа, қызымның жағдайы жақсы болады", - дейді Фирдавс.

Сумаяның сабағын үйде анасы мен әжесі қадағалайды.

Ресми емес мәлімет бойынша, әрбір сегізінші тәжік - еңбек мигранты. ЮНИСЕФ халықаралық ұйымының 2015 жылғы мәліметі бойынша, Тәжікстанда жас қыздардың 70,7 пайызы ғана 9 сыныптан кейін оқу жалғастырған.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда сүндетке отырғызылған 8 жасар баланың ой-өрісі нашарлап кетті

Танымал қазақ әншісі тұрмысқа тоқал болып шыққанын мойындады

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254743-qyzynynh-oquyn-skype-arqyly-qadaghalaytyn-g.html