RU

Бір жыл бойы балағат сөз естіген ақтөбелік әйел депрессияға ұшырады

Емізулі баласы бар жалғызбасты ана әлеуметтік желіде өзін қорлаған әйелден 800 мың теңге талап етіп отыр. Айтуынша, ол балағат сөздер мен қоқан-лоққыға толы жазбадан кейін депрессияға ұшыраған.

Тіпті, қатты күйзелістен омырау сүті де тоқтап қалған көрінеді деп жазады Керек-инфо.

Ерекше шағым жақында сотта қаралмақ. Жәбірленушінің айтуынша, әйел оны 2015 жылдың жазынан бастап мазалап келеді. Бұл үшін ол сотқа дәлел ретінде әлеуметтік желідегі жазбалардың көшірмелерін ұсынған.

Әуелгіде бейтаныс әйел басқа адамның атынан парақша ашып, жеке басына тіл тигізген. Кейін әйелге және оның 7 айлық баласының атына “Вконтакте”, “ Однакласники” әлеуметтік желілерінде дөрекі сөз айтқан.

Жалғызбасты ана өзін балағаттаған жазбалардан кейін көшеге шығудан қалғанын айтады. Ол өзін тілдеген әйелден қорқатынын, қатты күйзелістен омырау сүті тоқтап қалғанына сендіреді.

Жазбаны көрген азаматтық некедегі күйеуі де оның адалдығына күмәнмен қарап, алған несиесін төлеуден бас тартқан. Ата-аналары да қырын қарай бастапты. “Қатты күйзеліске ұшырадым” деген әйел моральдық шығынды 800 мың теңгеге бағалап отыр.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда сүндетке отырғызылған 8 жасар баланың ой-өрісі нашарлап кетті

Танымал қазақ әншісі тұрмысқа тоқал болып шыққанын мойындады

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254776-aqtobelik-ayeldi-bir-zhyl-boyy-belgisi.html