RU

Әншілердің киноға жиі түсуі кәсіби актерлердің ашуын келтірді

Отандық әншілердің киноға түсіп, актерлердің "нанына" таласуы бірнеше жыл бойы білім алған кәсіби актерлердің шамына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл наразылығын олар Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасы арқылы жеткізді.

Отандық кино индустриясының дамуына соңғы кездері әншілер де жиі атсалысып жүр. Еліміздің белді телеарналарынан көрсетілген түрлі фильмдерде бой көрсетіп жүрген әншілердің кейбірі киноға мүлдем түсіп көрмегені де құпия емес.

Қайрат Нұртас, Сиви Махмуди, Ринат Баситов, Кәмшат Жолдыбаева, Әсем Жакетаева, Әсел Сәдуақасова... Айта берсең бұл тізімді толықтыра түсуге болады. Мәселен, "Тракторшының махаббаты" фильмінің басты рөліне фильм режиссері әнші Кәмшат Жолдыбаеваны таңдаған болатын. Баян бұл оның кино индустриядағы алғашқы қадамы екенін және осы арқылы тәуекелге барып отырғанын да жасырмай айтқан. Десе де, аталған кинокартина көпшілік көңілінен шығып, халық оны сүйіп тамашалаған.

Әншілердің кино әлемінен көптеп бой көрсете бастағанына наразы актерлердің бірі -  Саттар Ерубаев.

"Сен тым болмаса оқысаңшы деймін. Кішкене төрт жыл оқып, білім алса, біздің бұл бағыт кішкене дамитын еді, орнына келер еді. Ондай емес қой қазір. Кімнің танысы бар, кімнің жолы бар сол шығып жатыр. Қазір ойлап тұрсақ, ми ашып кетті, шыны керек. Актері кім, әншісі кім, бишісі кім", - деді ол өз ренішін жасырмай.

Оның бұл сөздерін актер Асылхан Төлепов те қоштап отыр.

"Даладан келіп жатқан кісі түсіп жатқанда қарның ашады. Өнер академиясында жеті-сегіз жыл білім алып жүріп, театрда он жыл қызмет етіп, түсе алмай жүргендер көп. Олардың аяйсың, себебі олардың мамандығы сол",- деді ол.

Актер Ғалым Оспанов та киноға түсу - ойыншық емес дегенді алға тартып отыр. Оның айтуынша, бұл үлкен ізденісті талап ететін мамандық.

Дегенмен, актерлікке бет бұрған әншілер олардың бұл наразылықтарын түсінбей отыр. Мәселен, жақында ғана Ринат Баситовтың түсіріп жатқан "А+А" фильмінде басты рөлді сомдап шыққан Серікбол Сайлаубек "киноға түсуге шақырған соң барамыз" дейді.

"Біздің бойымызда тек әншілік қана емес, актерлік те өнеріміз бар. Бір адамның қолынан келгенді екінші адам неге жасамайды, жасайды", - деп қайырды ол.

Ал "Диета.кз" тобының әншісі Жасұлан Базарбаев  өз пікірін "Біреудің затын қызғансаң да, Алланың берген бағын қызғанба" деген сөздер арқылы жеткізді.

Тағы оқыңыздар:

27 жасында Батыр ана атанған келіншек бақытты болудың құпиясымен бөлісті

Астанада сүйіктісін адалдыққа тексеретін жаңа қызмет түрі сәнге айналуда

Бір мезетте 100 тілім нан жейтін ашқарақ қыз жұртшылықты таң қалдырды (видео)

Танымал қазақ әншісі тұрмысқа тоқал болып шыққанын мойындады

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Қызының оқуын Skype арқылы қадағалайтын гастарбайтер көпшілікті елжіретті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254861-anshilerdinh-kinogha-zhii-tusui-kasibi-ak.html