RU

Дәрігердің салғырттығынан ақтөбелік әйелдің шаранасы жатырда тұншығып қалды

Ақтөбеде сәбиінен айырылған жас ана Қарғалы қалалық ауруханасын сотқа берді. Ол жатырда шетінеп кеткен баласының өлімін ақ халаттылардың салғырттығынан көріп отыр.

Бұл туралы Керек-инфо хабарлайды.

24 жастағы әйелдің айтуынша, екі күн бойы қиналып жатқан оны дәрігерлер операция арқылы босандыруға асықпаған. Шарана жатырда тұншығып қалған кезде ғана іске кірісіпті.

Мұнымен қоймай, ауруханадан шығару қағазына “баласымен бірге үйге шығарылды” деп жазып берген. Қайғыдан қан жұтқан ана соттан дәрігерлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізуін сұрайды.

Ақ халаттылардан қателігі үшін моральдық өтемақы өндіруді талап етіп отыр.

Тағы оқыңыздар:

27 жасында Батыр ана атанған келіншек бақытты болудың құпиясымен бөлісті

Астанада сүйіктісін адалдыққа тексеретін жаңа қызмет түрі сәнге айналуда

Бір мезетте 100 тілім нан жейтін ашқарақ қыз жұртшылықты таң қалдырды (видео)

Танымал қазақ әншісі тұрмысқа тоқал болып шыққанын мойындады

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Қызының оқуын Skype арқылы қадағалайтын гастарбайтер көпшілікті елжіретті

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254942-darigerdinh-salghyrttyghynan-aqtobelik.html