RU

АҚШ-та мұғалім бес оқушысымен мектеп қабырғасында жыныстық қатынасқа түскен

АҚШ-та жас мұғалім бес оқушысымен мектеп қабырғасында жыныстық қатынасқа түскенін мойындағанымен, түрмеге қамалған жоқ. Бұл туралы NUR.KZ порталы The Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

24 жастағы Маркита Элстон Нэшвилде ұстаздық еткен. Ол 2014 жылы 17 жастағы бес оқушымен жыныстық қатынасқа түседі. Бұл ұятты жағдай кей кездері мектеп қабырғасында да болып жатқан.

Мұғалім бұл әрекетіне еш ұялмайтынын алға тартты. Оның сөзіне сенсек, мектеп басшылығы атына кір келмес үшін бұл жайтты жасырып отырған. 2014 жылдың қарашасында мектеп басшылығы оны төленбейтін демалысқа жібереді. Ал тергеу басталып кеткенде, Маркита өз еркімен жұмысынан шыққан.

Сот америкалықты кінәлі деп тауып шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырды. Экс-ұстаз сонымен қатар мәжбүрлі емдеуден өтуі тиіс. Алайда қандай ем түрі екені БАҚ-қа айтылмады.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254952-aqsh-ta-mughalim-bes-oqushysymen-mektep-q.html