RU

Жақында тұрмыс құрған отандық актриса алғашқы сәбиін күтуде (фото)

Желі қолданушылары "Өгей жүрек" фильмінің таныстырылымына келген актриса Әсел Қалиеваның аяғы ауыр деп болжады деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

14 қыркүйекте Алматы кинотеатрларының бірінде "Өгей жүрек" деп аталатын жаңа телехикаяның таныстырылымы болып өтті. Оған отандық эстрада жұлдыздары, журналистер қатысқан.

Instagram желісінде бұл таныстырылымда түскен жұлдыздардың суреттері көптеп жарияланды. Суреттерден актриса Әсел Қалиеваның аздап салмақ қосқанын байқаған қолданушылар оның "аяғы ауыр" деп болжады.

Айта кету керек, "Өгей жүрек" телехикаясының режиссері актрисаның күйеуі - Ернар Нұрғалиев. Басты рөлде әнші Кәмшат Жолдыбаева ойнайды. Балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын ақтара түсу, жан дүниесін түсіну мақсатында түсірілген фильмге Дастен Шәкіров, Азат Сейітметов, Егор Злобин, Медғат Өмірәлиев т.б. қатысқан.

Естеріңізге салсақ, актриса Әсел Қалиева осыдан аз уақыт бұрын режиссер Ернар Нұрғалиевпен көңіл жарастырып, отбасын құрған болатын. Олардың үйлену тойлары өзгеше стильде ұйымдастырылды. Үйлену тойын ашық аспан астында, таза ауада жасағанды жөн көрген жұпты құттықтауға тек жақын достары мен туған-туыстары ғана келген.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254969-zheli-qoldanushylary-asel-qalievanynh.html