RU

Меккеге қажылыққа барған 54 адам лаңкестікке қатысты болып шықты

Сауд Арабиясының Қауіпсіздік органдары ағымдағы жылдың 3-11 қыркүйегі аралығында жыл сайынғы қажылықты ұйымдастыру кезінде терроризмге қатысы бар деген күдікпен 54 адамды ұстады деп жазады Қазақпарат.

Күдіктілердің қатарына 30 саударабиялық, Бахрейннің 13 азаматы, Брунейдің 1 азаматы мен тағы алты елдің өкілдері ілікті.

3 қыркүйекте 13 күдікті, соның ішінде Бахрейннің 9 азаматы, 3 пәкістандық, екі саударабиялық, бір йемендік және бір судандық қолға түсті. 5 қыркүйекте тағы бес күдікті ұсталды.

Осы маусымда қажылықты ұйымдастыру үздік қауіпсіздік шараларымен ерекшеленді. Меккенің барлық секторына орнатылған 5000 камера қолданылған «Көз» бейнебақылау жүйесі Үлкен мешіт жанындағы радиусы шамамен 10 шақырымды құрайтын аумақты қамтыды.

Сауд қауіпсіздік офицерлері қажылыққа барғандардың әр бағыты мен жиналған орындарын бақылағанын айтты. Сауд Арабия Корольдігі ӘҚ капитаны Тарек Аль-Азам 1,8 миллионнан астам қажылыққа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ондаған үздік офицер тәулік бойы кезекшілікте болғанын айтты.

Тағы оқыңыздар:

Астанада сүйіктісін адалдыққа тексеретін жаңа қызмет түрі сәнге айналуда

Бір мезетте 100 тілім нан жейтін ашқарақ қыз жұртшылықты таң қалдырды (видео)

Танымал қазақ әншісі тұрмысқа тоқал болып шыққанын мойындады

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Қызының оқуын Skype арқылы қадағалайтын гастарбайтер көпшілікті елжіретті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254974-mekkege-qazhylyqqa-barghan-54-adam-lanhkes.html