RU

Барби қуыршағының көлеміндей болып туылған сәби бүгінде ел қатарлы өмір сүріп жүр (фото)

2011 жылы Барби қуыршағы секілді кішкентай баланы дүниеге әкелген шетелдік отбасы бүгінде оның ел қатарлы өмір сүріп жүргеніне қуануда. Бұл туралы NUR.KZ порталы nypost.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балақай бес жасқа толғаннан кейін ел қатарлы өмір сүре бастаған.

"Ол қозғалып жатқан кішкентай ғажайып секілді еді. Тіпті оны ғажайып деп атаудың өзі аз болмақ", - дейді қыздың анасы Келли.

Индиана штатының университетінде ұстаздық ететін Том Френч бүгінде кіп-кішкентай қызының өмір мен өлім арасындағы күресте қалай жеңіске жеткені туралы бірталай кітаптар жазған.

Келли отбасылық иті ішінен абайсызда соққы жасағаннан кейін, емханада мерзімінен бұрын босанғанын еске алды. Тым әлсіз әрі кішкентай болып дүниеге келген нәресте алты ай бойы инкубаторда өмірі үшін күрескен.

Нәрестенің бойы 28 см ғана болған, ал салмағын, тіпті айтудың өзі артық. Анасы сәбиін тек бірнеше айдан кейін құшағына алады. Ал бүгінде балақай қалған балалардан еш қалыспай, өмір сүруде. Ол гимнастиканы жақсы көреді. Тек үш жасар баланың киімін киіп жүргені болмаса, бүлдіршіннің денсаулығы жақсарып қалған.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254979-barbi-quyrshaghy-sekildi-kishkentay-bol.html