RU

Жанар Дұғалова оқуға түсіп, магистрант атанды

Танымал әнші Жанар Дұғалова Астанадағы Еуразия ұлттық университетіне магистратураға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Baq.kz тілшісіне аталған университеттің професоры Ғарифолла Есім Орталық коммуникациялар қызметінде айтып берді.

"Біз ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен Еуразия ұлттық университеті арасында байланыс бар. Өйткені, мәдениеттің тариxы, теориясы болады. Нағыз істерді министрлік атқарады. Ал біз маман даярлаймыз. "Мәдениеттану" мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистранттарды оқытамыз. Сондай-ақ PHD-доктарантура бар. Осы болашақ мамандарды Мәдениет және спорт министрлігіне, Ұлттық музейге дайындаймыз. Биыл "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистратураға танымал әнші Жанар Дұғалова түсті", - деген Ғарифолла Есім факультет тынысымен таныстыра келе.

Естеріңізге салсақ, былтыр бұл университеттің дәл "Мәдениеттану" мамандығына белгілі қазақ әншісі Қайрат Нұртас та түсіп, магистрант атанған болатын.

Тағы оқыңыздар:

27 жасында Батыр ана атанған келіншек бақытты болудың құпиясымен бөлісті

Астанада сүйіктісін адалдыққа тексеретін жаңа қызмет түрі сәнге айналуда

Бір мезетте 100 тілім нан жейтін ашқарақ қыз жұртшылықты таң қалдырды (видео)

Танымал қазақ әншісі тұрмысқа тоқал болып шыққанын мойындады

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Қызының оқуын Skype арқылы қадағалайтын гастарбайтер көпшілікті елжіретті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1255181-zhanar-dughalova-oqugha-tusip-magistran.html