RU

Қарағанды облысында "бомж" 9 жасар баланы зорлап, кейіннен өлтіріп тастады

Қарағанды облысында жантүршігерлік оқиға орын алды. Үй-күйі жоқ қаңғыбас азамат үшінші сынып оқушысын зорлап, кейін өлтіріп тастаған.

Бұл туралы Қарағанды облысындағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шахтинск қаласы маңындағы Шахан ауылының тұрғыны 9 жасар баланы азаптап өлтіргені үшін қамауға алынды. Қайғылы оқиға сәуір айында болған.

Жергілікті бомждар қаңырап тұрған бір бөлмелі пәтерді мекен етіп келген. Қаңғыбастар арақ ішетін жер ауыл балаларының да ойнайтын жері болып шықты.

Ішімдік ішіп отырған 55 жастағы бомж ойнап жүрген 9 жасар баланы зорлап, азаптап өлтіреді. Кейін баланың мүрдесін балконға шығарып тастаған.

Осыдан соң, ойын балалары өз арасындағы 9 жасар баланың жоқтығына алаңдап, полицияға хабар берген. Ал тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенде күдікті полицейлерге күш бермей, төбелесе жөнеледі. Полицейлер баланың өліміне кінәлі азаматты тергеуге алып келді.

Қайтыс болған баланың артында үш бауыры қалды.

Тағы оқыңыздар:

Баласымен бірге базарда ұрлық жасаған әйел видеоға түсіп қалды

"Жігіттер" тобының мүшесі әйелдерді "қатын" деп атауды ұсынды

Бір мезетте 100 тілім нан жейтін ашқарақ қыз жұртшылықты таң қалдырды (видео)

Дәрігердің салғырттығынан ақтөбелік әйелдің шаранасы жатырда тұншығып қалды

27 жасында Батыр ана атанған келіншек бақытты болудың құпиясымен бөлісті

Төсіне еркіндік беруді талап еткен модель көшеге жалаңаш шықты (фото)

Әлемдегі адамдардың үштен бірі қызғаншақ болып шықты

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1255217-qaraghandy-oblysynda-bomzh-9-zhasar-balan.html