RU

Ресей ұлттық қауіпсіздігін күшейтуге кірісті

Көрші Ресей Ұлттық қауіпсіздік саласын күшейтіп, осы мақсатта жаңа министрлік жасақтауға ден қоюда. Бұл туралы Baq.kz "Ъ" басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның таратқан ақпаратына сәйкес, Ресей өзінің күштік және құқық қорғау ведомстоларына кеңауқымды реформа жүргізуге дайындалып жатыр. Оған сәйкес, 2018 жылы өтетін президент сайлауына дейін Федералдық қауіпсіздік қызметі негізінде Ұлттық қауіпсіздік министрлігін (ҰКМ) құру қарастырылған.

Болжам бойынша, жаңа ведомство Федералдық күзет қызметі, Сыртқы барлау қызметін біріктіретін болады. Ал Ресейдің Тергеу комитеті Бас прокуратураға қайтарылып, Төтенше жағдайлар министрлігінің міндеттері Қорғаныс министрлігі мен ІІМ-ге бөліп берілмек.

Одан бөлек, ҰҚМ-ға аса үлкен дау тудырған істерді өз өндірісіне алып, осы арнайы қызметтің материалдары негізге алынған тергеулерді өз бақылауына алу мүмкіндігі ұсынылып отыр. Осылайша, Ресей мұндай ауқымды реформа арқылы күштік және құқық қорғау құрылымдарын тиімді басқарып, жемқорлықты түп-тамырымен жоюға ниетті.

"Ъ" мәліметтеріне сенсек, жаңа реформаға Ресей президенті Путиннің Федералдық көші-қон қызметі мен Есірткі айналымын бақылау федералдық қызметтерінің құзыретін ІІМ-ге беріп, ішкі әскер мен ішкі істер органдарының бірқатар жасақтарының негізінде Ресей гвардиясын құру туралы шешімі түрткі болды.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1255252-resey-ulttyq-qauipsizdigin-kusheytug.html