RU

Несиесін төлей алмаған жұбайлар супермаркетті тонап кетті

Ақтөбеде ірі супермаркеттердің бірінен 500 мың теңгеге жуық ақша жымқырған ерлі- зайыптыларға сот үкімі шықты.

Жас жұбайлар бұл қадамға алған несиелерін төлей алмағандықтан барған деп хабарлайды Керек-инфо.

Сотталушы әйел өзі шығынға батырған дүкенде кассир болып жұмыс істеген. Күйеуімен алдын-ала сөз байласқан ол супермаркет кассасынан төрт ай бойы ақша ұрлап келген. Кейін бар қаржыны сауда жасаған кейіппен дүкенге келген ер адамға беріп жіберіп отырған. Алайда олардың бұл әрекетін белгісіз біреу дүкен әкімшілігіне хабарлайды. Олардың ақша ұрлаған сәті касса бейнежазбасына түсіп қалған болып шықты.

Келген шығын мөлшері 476 мың теңгеден асады. Сот отырысы кезінде сотталушылар өз кінәсін мойындады. Жалдамалы пәтерде тұратын ерлі-зайыптылар бұл қадамға банк несиесін қайтара алмағандықтан барғандықтарын айтты. Әйелдің сөзінше, жолдасы жұмыс істемегендіктен, балаларын асырау да қиындап кеткен.

Сот ерлі-зайыптыларға мүлкін тәркілеп, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Бұған қоса олар енді дүкенге келтірген шығынды да қайтаруы тиіс.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1255391-aqtobede-nesiesin-toley-almaghan-erli.html