RU

Шымкенттіктердің мақтануына 13 себеп

Өткен демалыс күндері Шымкент Қала күнін атап өтті. Шымкенттіктерді қатты жақсы көретіндер де, мүлдем ұнатпайтындар да баршылық. Дегенмен оларға бей-жай қарайтын адам жоқтың қасы. NUR.KZ порталы шымкенттіктердің мақтанышпен айтатын 13 ерекшелігін назарларыңызға ұсынады.

1. Шымкент — Қазақстанның ең көне қаласы

Қаланың 2200 жылдық тарихы бар. Бұл фактіні сәулетші-ғалымдар растап отыр. Олардың сөзіне сенсек, қаланың алғашқы тұрғындары VI-VII ғасырда өмір сүрген.

Шымкент туралы алғаш рет Шараф ад-дин Али Йазди есімді тарихшы 1425 жылы «Зафар Наме» («Жеңістер кітабы») атты кітабында жазған.

2. Миллион тұрғыны бар қала

Өткен жылы Шымкент қаласының аймағы 117 мың гектар жерге дейін жетіп, Мәскеудің өзін шаң қаптырып кетті. Бұл жайтты шымкенттіктер мақтанышпен айтады.

Дегенмен қаланы сәнді де салмақты ететін гектарлар емес, адамдар. Шымкент миллион тұрғыны бар халық атануға шақ қалуда. Бүгінде онда 896 мың адам бар екендігі анықталған. Егер Алматы мен Астанада жүрген шымкенттіктерді қосатын болсақ, олардың саны кемінде 300 мыңға артатыны анық.

3. Қазақстанның ең "көпбалалы" қаласы

Шымкент туу көрсеткіші бойынша Қазақстанда көш бастап тұр. Бұл өңірде көпбалалы ана болуыңмен ешкімді таңдандыра алмайсың. Себебі, Шымкентте 30 720 «Күмісалқа»  иегері, 25 508  «Алтын алқа» иегері бар.

4. Қазақстанның оңтүстігі елдің экономикасына сүбелі үлес қосуда

Жеміс-жидектер, қауын-қарбыз бен мақта жағынан оңтүстік адамдары көш басында. Тонналаған көкөністерді оңтүстікқазақстандықтар Алматы мен Астанаға тасып, тұрғындарды арзан жеміс-жидектермен қамтамасыз етіп отыр.

5. Дәмді әрі арзан тағам

Дәстүрге айналған бешбармақ фестивалін тек шымкенттіктер ғана ойлап таба алады. Шымкент дәмді әрі арзан тағамымен есте қалады. Мәселен, кәуапты 250 теңгеден, палауды 400-500 теңгеден сатып аласыз.

6. Қонақжайлық

Оңтүстікте қонақты барынша сыйлайды. Алыс туысқанның өзі ұзаққа қонақтап жатса да, олар асты-үстіне түсіп күтеді. Бұл жайт әсіресе шетелдіктердің көңілінен шығып үлгерген.

Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың деп санайтын шымкенттіктер танымайтын адамды да сыйлы қонақ етуге әзір. Олар сізге тек астан аз алып отырғаныңыз үшін реніш білдіруі мүмкін.

7. Шымкенттік тойлар барынша дүркіреп өтеді

Шымкенттіктер тойға 200-300 адам шақырғанды көпсінбейді. Той иелері көбіне алтын түстес лимузинмен қала аралап, тойға бірталай ақша жұмсайды. Шымкентте тойға кемінде 3-5 млн теңге кетіру - таңсық дүние емес.

8. Шымкент — шуақты қала

Бұл жерде күннің шуағы жылына 300 күн жайнап тұрады. Ал жаз айы мамырдан қазанға дейін созылады. +50 градустық ыстық - шымкенттіктер үшін үйреншікті ауа райы.

9. Кәсіпкер қала

Шымкенттіктер кәсібін дөңгелету үшін қомақты несие алудан да тайынбайды. Оларда шағын кәсіпкерлікпен айналысатын 17 мың тұрғын бар. Кейбір кәсіп иелері Қазақстан бойынша бірегей екендігі де белгілі.  Мәселен, еуропалық брендтерден кем түспейтін әйелдер шұлығын шығаратын фабрика.

Немесе кілем шығаратын фабриканы айтуға болады, ол өңірдегі ең сұранысқа ие тауарды ұсынуда.

10. Олимпиада мақтанышы

Олимпиада жүлдегерлерінің бірталайы ОҚО-дан шыққан. Нелли Кимнен бастап, Жазира Жаппарқұлға дейін  - ОҚО тумалары.

11. Музыкадағы мақтаныштар

Опера әншісі, Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева да ОҚО-да туған. Танымал ОҚО өкілдері қатарында Қайрат Нұртас, Қайрат Түнтеков, Алтынай Жорабаева тағысын тағылар бар.

12. 50 метр биіктікке жететін «Алтын ай» аттракционы

Бұл аттракцион жақында ғана Шымкентте салынған. Ол Орталық Азиядағы ең үлкен аттракцион саналады - диаметрі 50 метр. Айта кетерлігі оған қыста да, жазда да отыруға болатындай барлық жағдай жасалған.

13. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкенттіктер өз әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты мақтан тұтады. Қаланы Лас-Вегас етуге сөз берген әкімге тұрғындары зор үмітпен қарайды.

Тағы да оқыңыздар:

Шымкенттіктердің мақтануына 13 себеп

Жеті баланы өмірге әкелген 27 жастағы Батыр ана жоғары білім алуды армандайды

«Төлешов ісіне» қатысты сотқа 25 адвокат қатысуда

Ақтөбеде үш бірдей мүгедекті өсіріп отырған отбасы қайырымды жандардың көмегіне зәру (фото)

Қарағанды облысында "бомж" 9 жасар баланы зорлап, кейіннен өлтіріп тастады

Рамазан Стамғазиевті танымайтын отандық актриса ұятқа қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1255402-shymkenttikterdinh-maqtanuyna-13-sebep.html