RU

Ақтөбеде үш бірдей мүгедекті өсіріп отырған отбасы қайырымды жандардың көмегіне зәру (фото)

Ақтөбелік Төлеуовтер отбасы қайырымды жандардың көмегіне зәру. Ерлі-зайыптылардың екі бірдей баласы — мүгедек. Екеуі де бала кезден сал ауруына шалдыққан деп хабарлайды Aktobenews.

Балалардың анасы — Эльвираның қолында 22 жастағы інісі Тұрар тұрады. Ол да туабітті мүгедек. Үш баланы асырап отырған отбасы көмекке аса мұқтаж. Отағасы Мейрамбек жақында жұмысынан қысқарып қалды.

Ең алдымен Төлеуовтер отбасы баспанаға мұқтаж. Олар қазір зейнеткер анасының пәтерінде тұрып жатыр. Пәтер 10-шы қабатта болғандықтан, балаларды далаға алып шығу қиын. Көбінесе лифт жұмыс істемей қалады. Сол кезде Мейрамбек үш баланы арбасымен бірге кезек-кезек оныншы қабатқа көтереді.

"Отбасы жан-жақтан көмек сұрауға мәжбүр. Екі баланың жәрдемақысына күнелтіп отырған жайы бар. Кейде бір баланың жәрдемақысы дәрі-дәрмекке түгел жұмсалып кетеді. Үш жасар Нұрсинаттың жүрегі ауырады, оған аптасына 3-4 рет жедел жәрдем шақырып тұру қажет. Үш балаға 1 жылға бөлінетін 740 төсеме де тым аздық етеді", — дейді отағасы Мейрамбек Төлеуов.

Алты жастағы Дәулет бәрін естіп, түсінеді, мультфильм қарағанды ұнатады, ал 22 жастағы Тұрар музыка тыңдағанды жақсы көреді. Мүгедек балаларды бағып отырған отбасы демеушілерден де көмек сұраған. Алайда олардан қайыр болмапты. Эльвира балаларым өз еркімен жүріп-тұрып кетсе екен деп армандайды.

Ал жұмысынан қысқарып қалған Мейрамбек қазір ағасының көлігімен жолаушы тасымалдап, нәпақа тауып жүр. Құрбан айт күндері үйге қайырымды жандар біршама азық-түлік жеткізген.

Қайырымды жандардан көмек күтетін отбасы 11-шағын аудан, 101 үй, 117 пәтерде тұрады.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1255444-aqtobede-ush-birdey-mugedekti-osirip-o.html