RU

Денесіне жабыстырып көйлек киген Аиша сынға қалды (фото)

Танымал әнші Аишаның "Gakku дауысы" музыкалық фестиваліне киген көйлегін желі қолданушылары сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

17 қыркүйекте биылғы күздің ең жарқын музыкалық шарасы «Gakku Дауысы» фестивалі өтті. Алматы қаласындағы "Астана" алаңында өткен фестивальға отандық шоу-бизнес өкілдерінің бірсыпырасы қатысты. олар жанды дауыста ән айтып, бірегей би қойылымдарын жиналған қауым назырына ұсынды.

Бұл күннен естелік ретінде әншілер суретке түсіп, әлбетте, оны желідегі парақшаларына салды. Оқырмандар бұл күні жұлдыздардың түрлі сәнді образдарына куә болды.

Әлеуметтік желіде жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның да осы музыкалық фестивальде түскен суреттері жария болды. Алайда ерлі-зайыптылардың бұл суреті бірқатар желі қолданушыларының сынына ұшырады.

Олар Аишаның киген көйлегін жақтырмай қалып, "көйлегі өзіне жараспай тұрғанын" айтты.

"Көйлегі мүлдем жараспайды", "Шынымен көйлегі әдемі болмай тұр екен", "Сұмдық, мына көйлегiн-ай...сөз жоқ!", - деп жазды олар.

Еске салсақ, «Gakku Дауысы» музыкалық фестивалін «Gakku ТV» телеарнасы ұйымдастырған.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1255454-denesine-zhabystyryp-koylek-kigen-aish.html