RU

Есікте зорланған бойжеткеннің қорғаушысы сараптама нәтижесін жария етті

Есікте болған зорлау жағдайына қатысты биологиялық сараптаманың нәтижесі белгілі болды деп мәлімдеді Жібек Мусинованың қорғаушысы Айман Омарова. Бұл туралы NUR.KZ порталы Today.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері бар. Ол Жібекте дене жарақаттары барын растады. Жібек өзіне ондай жарақаттар сала алмайтыны да анық. Зорлау кезінде олар Жібекті соққыға жыққан. Биологиялық сараптама сотталушылардың зардап шегушімен жыныстық қатынасқа түсу фактісін жоққа шығармады», - дейді Айман Омарова.

Адвокат молекулалық-генетикалық сараптама нәтижесін күтіп отырғанын алға тартты.

Еске салсақ, Есік қаласының тұрғынын төрт жігіт зорлағаны туралы бұған дейін хабарланған болатын. Зардап шегушінің ағасы болған жайттың егжей-тегжейін баяндап берді.

Кейін Жібектің өзі де қоғам алдына шығып, Есіктегі қыздардың жағдайына қатысты ашық сұхбат берген.

Тағы да оқыңыздар:

Шымкенттіктердің мақтануына 13 себеп

Жеті баланы өмірге әкелген 27 жастағы Батыр ана жоғары білім алуды армандайды

«Төлешов ісіне» қатысты сотқа 25 адвокат қатысуда

Ақтөбеде үш бірдей мүгедекті өсіріп отырған отбасы қайырымды жандардың көмегіне зәру (фото)

Қарағанды облысында "бомж" 9 жасар баланы зорлап, кейіннен өлтіріп тастады

Рамазан Стамғазиевті танымайтын отандық актриса ұятқа қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1255642-esikte-zorlanghan-boyzhetkenninh-qorgha.html