RU

"Қазақша сөйлемеймін деген" қызметкер саясаттанушының қан қысымын көтеріп жіберді

Саясаттанушы, тарихшы Әзімбай Ғали әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тіліне қатысты басынан өткен жағымсыз жағдайды баяндады деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мен Сулпакқа (қателеспесем, Ақсай 4) «наушник» алуға келгенмін. Шығыс келбетті қызға «алатын затым қанша тұрады?» деп сұрадым. Бірақ шығыс келбетті қыз (мен адамды түріне қарап бөлмеймін, мен үшін адамды келе салып жүрген жерде нәсілге бөлу жөн емес): «Мен қазақ емеспін. Мен қазақша сөйлеуге міндетті емеспін. Мен басқа ұлт өкілімін» деп көзін алартып сөгіп тастады. Мен тұтынушы ретінде тіл сұрап келген жоқпын, мен зат алуға келген едім. Солай, мен қалаған зат алуға келіп, жанжалға кезіктім. Қан қысымым көтеріліп, үйге жеткенше (үйде дәрі бар) иманымды айтып келдім", - деген саясаткер бұрын да тура сондай жағдайға тап болғанын айтып қалды.

"Осыдан біраз уақыт бұрын сол дүкенде тағы бір шығыс қызымен де тура сондай жағдай болған. Мен соңғы рет сол дүкенге барғанда ол қызды көрмедім. Қалай болса да «Сулпакта» тек орысша еркін түсінетін клиентке ғана қызмет көрсетеді, басқа жағдайда бір типтес оқиға екі рет қалай қайталанады? Әйтеуір менде күмән бар, ал сіз қалай ойлайсыз? Тұтынушыны тілге байланысты шеттету «Сулпакқа» керек пе? «Сулпак» менеджерлері менің арызымды оқып, шара қолданар деген үміттемін», - деп жазды Әзімбай Ғали.

Тағы да оқыңыздар:

Шымкенттіктердің мақтануына 13 себеп

Жеті баланы өмірге әкелген 27 жастағы Батыр ана жоғары білім алуды армандайды

«Төлешов ісіне» қатысты сотқа 25 адвокат қатысуда

Ақтөбеде үш бірдей мүгедекті өсіріп отырған отбасы қайырымды жандардың көмегіне зәру (фото)

Қарағанды облысында "бомж" 9 жасар баланы зорлап, кейіннен өлтіріп тастады

Рамазан Стамғазиевті танымайтын отандық актриса ұятқа қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1255695-qazaqsha-soylemeymin-dep-koz-alartqan.html