RU

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза болды (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауылына жақын маңда ірі жол көлік оқиғасы болды. Бұл туралы  жергілікті TVK телеарнасына сілтеме жасап Skifnews.kz порталы хабарлайды.

19 қыркүйек күні кешке Ташкент тас жолының бойында Ford шағын автобусы мен Toyota жеңіл көлігі бетпе-бет келіп соқтығысқан. Салдарынан бес адам қайтыс болып, тағы бірнешеуі ауыр дене жарақаттарын алды.

Жол апатынан кейін ауруханаға 14 адам жеткізілген. Олардың төртеуі кішкентай бала. Жараланғандардың үшеуі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер тағы бірнеше адамға ота жасаған.

Сол арада ҚазАқпарат кешегі жол апатынан зардап шеккен 2013 жылы туған балақай облыстық балалар ауруханасында көз жұмғанын хабарлады.

Айта кету керек, оқиға болған жол бір бағытты. Қазіргі таңда қай көліктің ереже бұзып, қарсы бағытқа қарай жүргені анықталып жатыр. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде.

 

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда ер адам үйімен қоса өртеніп кетті

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн күрт суытады

ОҚО-да дәрігерлер психдиспансердегі науқасты ұрып, қабырғасын сындырды (фото)

Жезқазғандағы саябақта 10 жасар қызға педофил шабуыл жасады

Маңғыстауда болған жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының мүшелері түгелдей қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256050-oqo-da-zhanturshigerlik-zhol-apatynan.html